Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

ҚР СІМ өкілі Израильде қанша қазақстандықтың жүргенін айтты

AstanaTV
09.10.2023ж. 14:53
607
ҚР СІМ өкілі Израильде қанша қазақстандықтың жүргенін айтты

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қазіргі уақытта еліміздің 112 азаматы Израильде жүргенін хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айбек Смадияровтың айтуынша, 7 қазанда Израильдегі қазақстандықтарға арнап жедел желі құрылды.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның Израильдегі елшілігінде 77 адам консулдық есепте тұр, оның ішінде елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері бар. Қазақстаннан бес студент Израиль университеттерінде білім алуда, 30-ға жуық қазақстандық сол елдің түрлі медициналық мекемесінде тағылымдамадан өтуде. Барлығы 112 адам бар», - деді ол.

Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, мессенджерде арнайы чат құрылған, оған Израильде уақытша және тұрақты тұрып датқан 200-ге жуық адам кірген.

«Израильдегі барлық азаматымыз сабырлық сақтап отыр. Қаза болған немесе кепілге алынған қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Қазақстан елшілігі мен Air Astana Қазақстанға оралғысы келетін азаматтардың тізімін жасап жатыр», - деді Айбек Смадияров.