ЭКСПО
аумағында құлаған көпір темірі аязға шыдас бермеген. BI Group холдингінің
басшысы Айдын Рақымбаев фейсбуктегі
парақшасында осындай алдын ала болжамын жариялады. Сондықтан Қытайдан әкелінген
металлдың химиялық құрамы тексерілетінін айтқан.
Айдын
Рақымбаев, BI GROUP холдингінің басшысы:
Біріншіден, құлаған конструкция шынымен архитектуралық-декоративті бөлік болып табылады.
Бұл - металлдан жасалған ферма. Алдын ала инженерлермен ақылдасқаннан кейін, жасалып отырған тұжырым бойынша 90 метрлік ферма суық мезгілде металлдың
қысылуына шыдамаған. Яғни металлдың химиялық құрамы құжатта көрсетілген
төзімділік талабына сәйкес келмейді. Бірақ металлдың химиялық құрамын
дайындағанда, ыстық және суықта қысылу және кеңеюі ескерілу керек болатын. Тағы
бір қайталап айтамын. Бұл - болжам ғана.
Айбек ҚОСАН