Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жаңбырдың соңы қарға ұласады: алдағы күндері елімізде күн суытуы мүмкін

AstanaTV
10.10.2023ж. 09:12
810
Жаңбырдың соңы қарға ұласады: алдағы күндері елімізде күн суытуы мүмкін

Синоптиктер  10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Нөсердің арты қарға ұласады деп күтілуде.

Оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде -5...+7 градусқа дейін, күндіз +5...+18 градусқа дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде -5...+5 градусқа дейін, күндіз +5...+13 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.