$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?

AstanaTV
10.10.2023ж. 10:00
920
Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?

Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі елдің тұрғын үй нарығындағы бағалар туралы мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бір жылда (2023 жылғы қыркүйек 2022 жылғы қыркүйекке) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 5,7 пайыз өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы керісінше 3,9 пайыз төмендеді.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі де былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қыркүйекте 0,2 пайыз төмендеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны: бастапқы нарық – 493 705 теңге, қайталама нарық – 485 928 теңге, жалға берілетін тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 4 715 теңге.