Әнші Мейрамбек Бесбаев ұлы мен қызы жайлы айтты. "Таңшолпан" бағдарламасында өнер иесі көпбалалы әке болу арманы екенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әбухайыр балам 8-де, қызым 16 жаста. Жақында қызымның туған күні. Жеке куәлік алатынына қуанып жүр. Құдайға шүкір, білімі жақсы. Көбіне тәрбиесімен анасы айналысады. Мен түзде жүремін. Балаларым қазақи, қазақ мектебіне барады. Кім баланы сүймейді? Кім баланы жақсы көрмейді? Көпбалалы әке болу сұмдық арманымның бірі. Бірақ Алладан бұйрық болмаса, ештеңе болмайды. Сондықтан көзге көрінгендердің өзі саналы боп өссе екен деп тілейміз", - деді Мейрамбек Бесбаев.
Айта кетейік, осыған дейін Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Мархабат өнер иесімен қалай танысқанын айтып, құпиясын бөліскен болатын.