Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда 5 жарым млн теңгеге қоғамдық дәретхана салынды

AstanaTV
17.11.2016ж. 20:00
5238
Павлодарда 5 жарым млн теңгеге қоғамдық дәретхана салынды

Павлодарда құны шамамен 5 жарым млн теңгеге бағаланған қоғамдық дәретхана пайда болды. Жергілікті билік олардың қатарын 10-ға жеткізуді ойлап отыр. Қыруар қаржы жұмсалған дәретханада ыстық және суық су, жылу, тіпті жарық та тартылыпты. Сондықтан да қымбатқа түскенін айтады. Бірақ, тұрғындар қарапайым ғана әжетханаға сонша ақшаның жұмсалғанын түсіне алар емес. 

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Павлодардың қақ ортасынан орын алған дәретханада жағдай бар. Үйдегіден кем емес. Мұнда жарық бар, ыстық және суық су, тіпті жылу да тартылған. Ауа температурасы қысты күндері -40 грдаусқа дейін төмендейтін павлодарлық тұрғындар үшін бұл ыңғайлы жағдай екені сөзсіз.

Дәретхана үш кабинадан тұрады. Ортасында ақша жинап, ішкі жағдайға жауапты адам отырады деп жоспарланып отыр. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі өкілдерінің сөзінше, әжетхана бірер күнде іске қосылмақ.

Асылхан Көпешев, Павлодар қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

Түстен бастап сағат 8-9-ға дейін жұмыс істейді. 20 теңге тұрады. Отыратын кісі бәрін тексереді. Ақшасын алып отырған соң, жарығын жағып отырады. Ол керек нәрсе, бағасы, мен ойлаймын, қымбат емес деп.

Дәретхана құрылысына Павлодар бюджетінен 5 млн 400 мың теңге жұмсалған. Асылхан Көпешевтің айтуынша, коммуналдық керек-жарақтарды тартуға миллион тенгеден артық қаржы кеткен. Шаһарда пайда болған әжетхана жайлы қалалықтардың пікірі бір бағытта.

20 теңгемен шығынның орнын толтыруға болады ма? Міне, мәселе қайда жатыр. Сондықтан да мұндай істе ысырапқа жол бермеген жөн.

Бізде балалар үйлері, қарттар үйлері бар ғой. Ақшаны сонда жұмсаса, игі. Ал дәретхананы қарапайым етіп жасауға болатын шығар.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі өкілдерінің ақпарынша, құрылыс материалдары отандық өндірушіден. Әзірге дәретхана ғимараты қаланың балансында. Дегенмен шенеуніктер жуырда оны жекенің қолына беруді жоспарлап отыр.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ