Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде 2025 жылға дейін колледж студенттерінің стипендиясы екі есе өседі

AstanaTV
10.10.2023ж. 23:18
818
Елімізде 2025 жылға дейін колледж студенттерінің стипендиясы екі есе өседі

Елімізде колледж студенттерінің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есе өседі. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл 1 қыркүйектен бастап колледждерде оқитын студенттердің стипендиясы 50 пайызға өсті. Жұмысшы мамандығы бойынша оқитындар айына 32 681 теңге, орта білімнен кейін түскендер 31 422 теңге ала бастады. Үкімет басшысының айтуынша, колледж студенттерінің стипендиясын келесі жылы тағы да 50 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр.

Осылайша, колледж студенттерінің стипендиясы 2025 жылға дейін 2 есе өседі.

Сондай-ақ премьер-министр жалпы әлемдік тәжірибе бойынша жастардың еңбек нарығына араласып, алғашқы мамандық алып шығуына мемлекет тарапынан кепілдік берілетінін атап өтті.

"Бізде 9-сынып түлектеріне колледждерде тегін оқуға мүмкіндік берілген. 3 жыл ішінде кадр даярлауға тиісті мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылды. Егер бұған дейін колледждерде бюджет есебінен 95 мың студент оқыса, биыл олардың саны 133 мыңға дейін ұлғайтылды. Біз мемлекеттік тапсырысты бұдан әрі де арттыра беретін боламыз", — дейді Әлихан Смайылов.

Премьер-министрдің сөзінше, 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемін 155 мың орынға дейін арттыру жоспарланып отыр, оның 70 пайызын техникалық мамандықтарға бағыттау көзделген.