$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Роналду мен Месси текетіресі жалғаса ма?

AstanaTV
10.10.2023ж. 20:00
698
Роналду мен Месси текетіресі жалғаса ма?

Бас бапкерін ауыстырған "Барыс" жеңіске жетті. Жасыл алаңның жұлдыздары Месси мен Роналду бәсекелесі жалғасуы мүмкін. Аргентиналық футболшы ұсынысты қабылдай ма? Толығырақ "Спорт" топтмасында.

Қайырлы кеш, спорт сүйер қауым! Сіздермен «Астана» телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті «бес минут» айдары. Менің атым Нұрлан Нұрыш. Біз бастаймыз!

Андрей Скабелка бас бапкерліктен кеткеннен кейін «Барыс» алғашқы матчта жеңіске жетті! Астаналық хоккей клубының 19 жастағы тәрбиеленушісі Всеволод Логвин есепті ашты. Логвиннің бұл Құрлықтық хоккей лигасындағы екінші шайбасы. Ойынның екінші кезеңінде «Трактор» есепті теңестіруге мүмкіндігі болды. Дегенмен «Барыс» командасы басымдық танытып, есепті Шестаков еселеді. «Трактор» ойыншысы Робинсон есепті қысқарта алғанымен, бұл ойында «Барыс» жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 2-1

Естеріңізге сала кетейік, Скабелка отставкаға кеткеннен кейін команданың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Ғалым Мамбеталиев тағайындалды. Ол клубты 2004/05 және 2017/18 маусымдарында басқарды. Сондай-ақ, Мамбеталиев ұлттық құрамамен де жұмыс істейді.

«БАРЫС» «ТРАКТОРДЫ» ЖЕҢДІ

Қазақстан премьер лигасының қазіргі көшбасшысы «Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген клубтан келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс жасалмақ.

«Ордабасы» басшылығы оның осы маусымдағы ойынына ризашылық білдірді.

Биылғы жылдың трансфер маусымында Асхатқа Түрік лигасының «Коджаэлиспоры» қызығушылық танытқан болатын. Футболшының өзі мансабын Түркияда жалғастыруға бел буғанымен, соңында Шымкенттік клубта қалуға шешім қабылдады.

«ОРДАБАСЫ» ТАҒЫБЕРГЕНГЕ ЖАҢА КЕЛІСІМШАРТ ҰСЫНАДЫ

Ыстамбұлдық «Бешикташ» клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов пен «Ахматтың» қорғаушысы Марат Быстров Алматыға келіп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойынға қатысу үшін оқу-жаттығу жиынына дайындалуда.

Есеріңізге сала кетейік, қазанның 15-і Данияға қонаққа барады. Кейін, қазанның 17-і Финляндиямен бақ сынасады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан Н тобында 12 ұпаймен төртінші орында тұр. Ал топтың басында 13 ұпаймен - Дания мен Словения. Ұлттық құрама ойыншылары бабында.

Сауд Арабиясы Криштиану Роналду мен Лионел Мессидің тарихи бәсекелестігін қайтадан жандандыру үшін Мессиге келісімшарт жасауда.

Месси қазіргі клубында алғашқы 11 матчында 11 гол соғып, Бэкхэм командасына клуб тарихындағы алғашқы кубокты жеңіп алуға көмектесті. Бірақ жақында аргентиналық жарақат алып, командасы MLS плей-офф кезеңіне өте алмай қалды. Сондықтан Месси ақпан айына дейін жасыл алаңға шыға алмайды.

Осы жағдайға байланысты Сауд Арабиясы әлем чемпионатының жеңімпазына жаңа келісім шарт жасауға шешім қабылдады. Sky Sports тілшісі Руди Галетти Мессиді жалға алу үшін Сауд Арабиясының клубтары қаражатты аямайтынын жазған еді.

Егер Месии Сауд Арабиясы лигасына ауысса, онда ол «Әл-Насрдың» ойыншысы Криштиану Роналдуға қарсы ойнай алады. Осы жазғы трансфер науқанында Әль-Хилал аргентиналықты жылына 400€ миллион жалақы алатын келісімшарт ұсынған болатын.

МЕССИ САУД АРАБИЯСЫНДА ОЙНАУЫ МҮМКІН

Top Rank промоутерлік компаниясы өзінің әлеуметтік желілерінде WBO орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен IBF нұсқасы бойынша белбеу иегері Германия өкілі Винченцо Гуальтиери арасындағы жекпе-жектің болатыны туралы хабарлады.

Жекпе-жек қазанның 14-і АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласындағы Fort Bend epicenter аренасында өтеді. Дәстүр бойынша, жекпе-жек апталығында стандартты медиа процедуралар өтеді. Баспасөз мәслихаты және салмақ өлшеу рәсімі жекпе-жекке бір күн қалғанда болады.

Отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы рингте 14 жекпе-жек өткізіп, әлі ешкімнен жеңілмеген.

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ VS ВИНЧЕНЦО ГУАЛЬТЬЕРИ

Transfermarkt интернет порталы әлемдегі ең қымбат команда құрамын анықтады. Зерттеушілердің есептеуі бойынша «Манчестер сити» командасы дәл қазір әлемдегі ең қымбат құрам. 1,28 млрд еуроға бағаланған құрамда қазіргі таңда: Эрилинг Холланд, Кевин де Брюйне, Филип Фоден және Джек Грилиш сынды құны қымбат тұратын ойыншылар өнер көрсетеді.

Ал жазғы трансферлік маусым кезінде лондондық «Арсенал» жаңа ойыншыларға 234 млн еуро жұмсап, 1,09 млрд еуромен кестенің екінші сатысына жайғасты. Топ-5-ке «ПСЖ», «Реал Мадрид», «Челси» командалары да кіреді.

ЕҢ ҚЫМБАТ КОМАНДА ҚҰРАМЫ АНЫҚТАЛДЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.