АҚШ жағалау күзетінің мамандары Атлант мұхитында батып кеткен «Титан» батискафының қалдықтарын және алдын ала болжам бойынша, адам сүйектерін тапты. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігі ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«АҚШ жағалау күзетінің Теңіздегі апаттарды тексеру комиссиясының қауіпсіздік мәселелер жөніндегі инженерлері Солтүстік Атлант мұхитының түбінен «Титан» сынықтары мен айғақтарын анықтап, шығарды», - делінген хабарламада.
Жағалау күзеті сарапшылар портқа дәлелдемелерді «каталогтау және талдау үшін» жібергенін атап өтті. Мәлімдемеде сондай-ақ сүңгуір кеменің сынықтарынан адам сүйектеріне ұқсайтын заттар шығарылғаны делінген. Олар дәрігерлерге сараптамаға жіберілді.