Әнші Мәдина Сәдуақасова өзгерістен қорықпайтынын айтты. Жақында 44 жасқа толған әншінің жаңа образы көпшілікті таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Өзгерістен қорықпайтын жандардың бірімін. Жылдар бойы бір сарынды өмір сүре берсең , өміріңе өзгеріс пен жаңалық өзінен өзі келмейтінін білемін. Қалай болса да, ең бастысы, мен әрекет еттім", - деп жазды Мадина Сәуақасова Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары әншінің үнемі жаңа образда, жаңа стильде көзге түсетінін айтып, жарыса пікір қалдырған.
"Керемет", "Жаңашылдық іздеп жүретін сізге рахмет", "Қандай әдемі", "Сұлусыз", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, жақында әнші 44 жасқа толды. Өнер иесі ұлы мен күйеуінің өзін туған күнімен құттықтаған сәтті көпшілікке көрсетті.