Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алексей Луценко корольдік кезеңде жеңіске жетті

AstanaTV
11.10.2023ж. 20:00
510
Алексей Луценко корольдік кезеңде жеңіске жетті

Қайырлы кеш, спорт сүйер қауым! Сіздермен «Астана» телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті «бес минут» айдары. Менің атым Нұрлан Нұрыш. Біз бастаймыз!

Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы және «Астана» велокомандасының көшбасшысы Алексей Луценко «Түркия туры» көпкүндігінің үшінші кезеңінің жеңімпазы атанды.

Бұл кезең жарыстың ең күрделісі. Өйткені шабандоздар жоғары санаттағы тауда мәреге жетуге ұмтылады. Қазақстандық велошабандоз межені 3 сағат 34 минут 17 секундта жүріп өтті. Отандасымыздан кейін неміс Бен Звиехоф келсе, үшінші орынды «Астананың» тағы бір өкілі — колумбиялық Харольд Теджада иеленді. «Түркия турының» көпкүндігі қазанның 15-і аяқталады.

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО «ТҮРКИЯ ТУРЫНДА» КОРОЛЬДІК КЕЗЕҢДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Астана» командасына Саян Хамитжанов бас директор қызметіне оралды. Ол клубты тегін басқарады. Хамитжанов 2014 жылдан 2015 жылға дейін команда президентінің кеңесшісі, ал 2015 жылдан 2018 жылға дейін бас директор қызметін атқарды. Ал 2022 жылы клубтың бас директорының кеңесшісі болды. Хамитжанов клубты басқарып тұрған кезде «Астана» қатарынан төрт рет ел чемпионы атанып, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ УЕФА еурокубоктарының топтық кезеңіне төрт рет түсті.

Қазір «Астана» Қазақстан чемпионатында екінші орында тұр. 55 ұпаймен бірінші орынға Шымкенттік «Ордабасы» жайғасты.

САЯН ХАМИТЖАНОВ «АСТАНА» ФК БАС ДИРЕКТОРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛДІ

Осыған дейін белгілі болғандай 2028 жылы Еуропа Чемпионаты Ұлыбритания және Ирландияда өтетін болды. Жоспар бойынша ХVIII Еуропа біріншілігі: Ливерпуль, Белфаст, Дублин, Глазго, Манчестер, Ньюкасл, Кардифф және Лондон қалаларында өтуі тиіс.

2032 жылғы доданы Италия мен Түркия қабылдайды. УЕФА 2026 жылдың қазан айына дейін 10 стадион таңдайды (екі елден 5 стадион).

Естеріңізге сала кетсек, Еуро-2024 Германияда өтеді. Футбол мерекесі үшін немістердің 10 қаласы мен 10 стадионы сақадай сай тұр.

ФУТБОЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫН ӨТКІЗЕТІН ЕЛДЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

«Челси» және «Реал Мадрид» сынды әлемнің асқақ командаларының жұлдызы болған бельгиялық Еден Азар футболмен қоштасты.

Лондондық «Челси» үшін 245 ойын өткізіп, 85 гол салған Азар АПЛ-дің 2 дүркін чемпионы болды. Сондай-ақ, аристократтармен бірге Еуропа Лигасын жеңіп алды.

Ал «Реал Мадрид» сапында ойыншы екі рет Испания чемпионатын жеңіп алды. Сонымен қатар футболшы үшін басты мақсат болған Чемпиондар Лигасының кубогын алу бақыты бұйырған.

«Сіз өзіңізді тыңдап, уақытында тоқтай білуіңіз керек», – деп жазды Эден Азар өзінің инстаграм парақшасында.

АЗАР 32 ЖАСЫНДА МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды. Ол қазанның 29-ы рингке оралып, Стамбул бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы Танзаниядан келген боксшы Пиус Мпенда болады. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтіп, WBC Peace белбеуі үшін өтеді.

Дәурен Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін наурыз айында өткізді. Екінші раундта ол Өзбекстаннан келген Бахром Паязовты нокаутқа жіберді. Ал Пиус Мпенда соңғы рет маусым айында Малавиялық Симеон Тчетхиден төрешілердің шешімімен жеңді.

ДӘУРЕН ЕЛЕУСІНОВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қарашаның 7-12 күндері Испанияның Севилья қаласында өтетін командалық әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын теннисшілер анықтады. Құрамада: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева, Аружан Сағандықова сынды теннисшілер кірді.

Ұлттық құрама капитаны – Ярослава Шведова. Қазақстан құрамасы шешуші сынның топтық кезеңінде «В» тобында өнер көрсетіп, Аустралия және Словения командаларына қарсы ойнайды.

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ТЕННИСШІЛЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Чарльз Оливейра Ислам Махачевке қарсы жекпе-жектен денсаулығына байланысты бас тартты. UFC 294-те оның орнына Алекс Волкановский келеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, Дана Уайт Пауло Коста мен Хамзат Чимаев арасындағы жекпе-жегі де болмай қалуы мүмкін деп айтты. Бразилиялық оған бірнеше апта бұрын ота жасалғанын айтқан. UFC президенті жақын арада бұл жекпе-жек туралы шешім қабылдайды.

МАХАЧЕВТІҢ ҚАРСЫЛАСЫ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШЫҚПАЙТЫН БОЛДЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз 5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда 5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.