Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағанды облысында 10 кәсіпорын жалақыға қарыз

AstanaTV
04.04.2016ж. 20:00
1045
Қарағанды облысында 10 кәсіпорын жалақыға қарыз

Қарағандыда жалақы дауы көбейді, аймақта 700-ден астам адам еңбекақысына қол жеткізе алмай жүр. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілі мәлімдеді. Жыл басынан бері 10 кәсіпорынның жұмысшылар алдындағы борышы 84 млн теңгеге жеткен. Негізінен металлургия мен құрылыс саласы өкілдері мұндай жағдаймен бетпе бет келіп отыр. Өндіріс басшылары мәселені тапсырыстардың азаюымен байланыстыруда. 

Бауыржан Мағжан, Қарағанды облыстық прокуратурасы бірінші басқармасы бастығының орынбасары:

Бәрі де осы экономикалық дағдарысқа байланысты жалақы төлемеген. 10 кәсіпорын 3 айдан астам жалақысын төлемей отыр. Біздің мәселе - еңбекақысын төлеуі, уақытысында төлеуі - сол заңдылығын тексеру.

Сондай-ақ Теміртаудағы 56 мердігер кәсіпорын жұмысшыларға бірнеше айдан бері жалақы төлей алмай отыр. Бұлар осыған дейін «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының қарамағында болған, компанияға жөндеу, қалпына келтіру қызметтерін көрсетіп жүрген шағын кәсіпорындар, - деді прокурорлар. Олар енді қызметінің ақысын сот арқылы өндіріп алуға құқылы.

Айжан ҚУАШ