Отандық әнші Далида Нәукенова ұзақ жылдар бойы жолықпаған атасымен кездесті. Өнер иесі Instagram парақшасында күйеуінің туған күніне тосынсый жасағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің туған күніме күйеуім тосынсый жасады. 27 жыл көріспеген атаммен кездестім", - деп жазды әнші.
Сонымен қатар әнші атасымен жылдар бойы жолықпауының себебін көпшілікке түсіндірді.
"Ол кісі Минскіде тұрады", - деп жазды Далида Нәукенова.
Видеодан Далиданың туған күнін жақындарымен тойлап жатқанын көруге болады. Осы сәтте мейрамханаға гүл шоғын ұстаған әншінің атасы кіріп келген. Ал әнші ұзақ жылдар бойы көрмеген атасымен қауышып, көз жасына ерік береді.