Пәкістанда түрік актеры Бурак Озчивиттің жанкүйерлері оны қоршап, таптап кете жаздаған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сұлтан Сүлеймен сериалында басты рөлді сомдаған актер бірнеше күн бұрын Пәкістанға парфюмерлік брендтің тұсаукесеріне келген. Түрік актерін ондаған жанкүйерлер қарсы алды. Соңы дүрбелеңге әкеп соғып, оны тұрғындар жан-жақтан қысып тастаған. Күзет араласпаса, ол зардап шегуі мүмкін еді.
Қазақстанда да осындай жағдай орын алған. Жанкүйерлер онымен кездесу өткен кезде селфи жасауға тырысып, сахнаға мініп кетті. Қыздардың мұндай қылықтары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен резонанс тудырды.