Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«AMANAT» партиясының "Жастар рухы" жастар қанаты "Қауіпсіз қала" акциясын өткізіп жатыр

12.10.2023ж. 20:00
733
«AMANAT» партиясының "Жастар рухы" жастар қанаты "Қауіпсіз қала" акциясын өткізіп жатыр

"Қауіпсіз қала".Осындай атаумен еліміздің 20 өңірінде акция өтіп жатыр. Шараның өтуіне «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанаты мұрындық болып отыр. Бұл ауқымды ақция арқылы адамдарға қауіпсіздікті түсіндірмек.

Ақтөбелік белсенділер «Қауіпсіз қала» акциясы аясында қаладағы бау-бақша ұжымдарын аралап пеш жағып отырған отбасылардын жағдайымен танысты. Өңірде биыл 201 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 50 пайызы осы тұрғын үй секторында болған.

Нарқозы ҚАРТЖАН, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Осыған дейін біздер өзімнің жауапты участогымда жарықтандыру мәселелерін, одан кейін мектеп айналасындағы қауіпсіздік мәселелерін құарап, саралап шыққан болатынбыз. Енді оқу жылы басталғалы рейдтер жүргізіп, соның ішінде осы жылыту маусымы басталғаннан кейін пеш жағатын үйлерге келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Ал, Шығыс Қазақстан облысында партиялықтар көшедегі құдық қақпақтарын тексерді. Акцияға мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, полиция және төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері белсене қатысты.

Қорлан ТУҒАМБАЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Акцияның негізгі мақсаты бұл ойын алаңдарында мектеп алаңдарында мектептен тыс жақын алаңдарда ашық люктардың болмауына жалпы балалардың қауіпсіздігіне қатысты барлық нормалар мен шаралардың сақталуына және осы мектепке келе жатқан жолда жол белгілерінің сақтануына қатысты мониторинг жұмыстарын жүрігізіп жатыр. Осы мониторинг барысында кемшіліктер анықталған жағдайда біз бұны арнайы жауапты органдарға міндетті түрде ұсыным хат ретінде жіберілетін болады.

«AMANAT» партиясының мониторингтік тобы Оралдағы мектептердің қаншалықты қауіпсіз екенін тексерді. Топ мүшелерінің назарына іліккен 45-мектептің ғасырға жуық тарихы бар. Ғимарат ескі болғанымен, мұндағы қауіпсіздік талаптары барынша сақталған. Оқушылардың қозғалысы бейнебақылау жүйесі арқылы қадағаланады. Кіре берістегі турникет арқылы бөгде адамның кіруіне жол берілмейді. Тексеру тобы өрт немесе өзге де төтенше жағдай болғанда апаттық шығу есіктерінің де жай-күйіне зер салды.

Сонымен қатар үш қабатты ғимараттың баспалдақтары мен таянышы мығым екеніне көз тексеріп, көзі нашар көретін жандарға арналған тактильді сілтемелер ілінгенін анықтады. Қала берді буллингке ұшыраған балаға қорған ретінде орнатылған қосымшаның бар екеніне көз жеткізді.

Талшынай ЖҮНІС, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында осы мектептердің қандай жағдайда болғанын білемін 45-мектептің. Қазіргі таңда үлкен, оң өзгерістер байқап отырмыз. Ескертулер жоқ. Әжетханалары да барлық талаптарға сай, класс бөлмелері, сынып бөлмелері жаңа талапқа сай барлық талаптар сақталған. Жалпы мектептің жұмысы көңілімізден шығып отыр.

Алдағы уақытта партияның аталған бағыттағы жұмыстары жалғасын таппақ.