Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Араласқым келген жоқ": Актриса Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуімен және Аша Матаймен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

AstanaTV
12.10.2023ж. 17:45
1184
"Араласқым келген жоқ": Актриса Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуімен және Аша Матаймен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Әнші, актриса Жарқынай Ханайым Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында бұрынғы күйеуі мен қайын сіңілісі Аша Матаймен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Әкесі Алматыда, мен Астанада. Айдарға көп рахмет. Ол Астанаға келеді, Айланаға қарайды, 4-5 күн қасында болады, ойнатады. Түсірілім, басқа да жұмыстары шығып қалмаса, қасынан табылуға тырысады. Сұраған ақшамды береді, балабақшасын төлейді, киімдерін алып береді. Ол жағынан Айдар – жақсы әке. Арасында Айлана үшін ұрысып тұрамыз. Ол басқа қалада тұратындықтан, ұзақ уақытқа алып кеткісі келеді. Менің бергім келмейді. Бірақ алдағы уақытта достар секілді жақсы қарым-қатынас құрып кетеміз деген үміттемін. Мүмкін, 5-6 жылдан кейін арамыз жақсы болатын шығар. Кез келген ажырасқан келіншектің уайымы – баласы. Әкесі екеуінің қарым-қатынасына кесірім тиіп кетпесе екен деп ойлаймын. “Әкеңе ұқсап” деп күйеуімізге деген реншімізді балаларға айтып жатамыз. Сол себепті қазірден бастап өзімді тәрбиелеп жүрмін. Әкесінің бар екенін, оның қандай керемет жан екенін айтып, әлеуметтік желіден көрсетіп отырамын. Жақында жазда ата-енемнің жағдайын сұрап қайттым. Мен кеткен кезде ешкіммен араласқым келген жоқ. Әлеуметтік желіде бәрін өшіріп тастадым. Сол үшін ол кісілер маған ренішін білдірді. Бірақ маған сол нәрсе керек болды. Жарты жылдай ешкіммен хабарласқан жоқпын. Бірақ жақында мен “Cover шоуға” шыққанда мама: “Маған ұнады, қызым, жарайсың” деп мақтады. Ата-енемді туған күнімен құттықтап тұрамын. Әрине, одан артық біз сөйлесе алмаймыз, сөйлесетін себеп те жоқ. Сөйтіп жазда ата-енемнің демалыс орнына қызымды алып бардым. Мама, папамды құшақтап, сағынғанымды, жақсы көретінімді, құрметтейтінімді айттым. Олар бәрібір менің жақсы көретін адамдарым. Ата-енем – Айдар екеуіміздің табысуымыз үшін көп әрекет жасаған жандар. Айдардың болашақта жақсы қыз кездестіргенін қалаймын, Алладан соны сұраймын. Ертең Айлананы әкесінің үйіне жібергенде уайымдамайтындай, қызымның көңіліне тиетін сөз айтпайтындай, әкесі мен қызының арақатынасына зиянын тигізбейтін жақсы жар жолығуын тілеймін. Өзіме де ойымдағы жігіт жолықса деймін”, – дейді Жарқынай Ханайым.

Актриса жеке өмірінде ешқандай жаңалық жоғын бірден айтты. Бірақ жақсы ер азаматтың кезігуінен үмітті. Өнер иесі бұрынғы қайын сіңілісі Аша Матаймен жақсы қарым-қатынаста екенін де айтып қалды. Жарқынай Аша деп атаудан бас тартыпты. Ол экс-қайын сіңлісін “Аққу” деп атайтын көрінеді.

“Басынан-ақ Ақжан жылы қабылдады. Бәрін үйретіп, "Жарқынай, уайымдамаңыз, бәрін үйреніп кетесіз" деді. Айдардың мамасы да жақсы, жылы қабылдады. Алдында ренжіп сұхбат бергенде, "Неге Аққу туралы айтқан жоқсың" деді. Біздің қарым-қатынасымыз өте керемет. Ол мені керемет қабылдап, керемет қолдады. Осыған дейін қосылуымызға себепші болғысы келетін, жан-тәнін беруге дайын тұратын оны “аққу” дей аламын. Ең бір аппақ, тап-таза адам. Өзінің ағасына, өзінің сіңілісіне, әйел ретінде маған ортада шыр-пыр болып, күйіп-пісіп, керемет сәттерімізді видеоға түсіріп, халыққа көрсетіп жүретін жан. Бәрі жақсы қабылдады, бәрі әдемі болды. Өзім де сол ұяға бірден кірісіп кеттім. Себебі Айдарды жақсы көрдім, оның семьясы – менің семьям. Бірақ үйде ешнәрсе істеуді білмеймін. Ақжан үйретті, енем үйретті, үйде көмекшіміз әпкеміз болатын, ол да үйретті”, – дейді актриса.