Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Бішкекте ТМД елдері басшыларының саммиті басталып жатыр

AstanaTV
13.10.2023ж. 14:07
888
Бішкекте ТМД елдері басшыларының саммиті басталып жатыр

Бүгін Бішкекте «Ала-Арша» мемлекеттік резиденциясында қырғыз тарапының төрағалығымен, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Кazinform.

Кездесу барысында Достастыққа мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейту және нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданады.

ТМД мемлекет басшылары саммитіне қатысу үшін Бішкекке Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та саммитке қатысу үшін бүгін Қырғыз еліне жұмыс сапарымен барды.

Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Армения премьер-министрі Никол Пашинян саммитке қатыса алмайды. Бұл туралы 10 қазан күні Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесу барысында белгілі болды.