Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда бағана басында электрик токқа түсіп мерт болды

13.10.2023ж. 20:00
656
Алматыда бағана басында электрик токқа түсіп мерт болды

Алматыда бағана басында жұмыс істеп жатқан электрик токқа түсіп, мерт болды. Оқиға Түркісіб ауданында болған. Тұрғындар денесі бағанаға жабысып, қозғалмай қалған ер азаматты бейнекамераға түсіріп алған. Марқұм қажетті құрал-жабдықтарсыз жұмыс істеген көрінеді. Ал “Алатау Жарық” компаниясы бұл кісі өздерінің жұмысшысы емес екенін жеткізді.

Алмат ӘБДІҒАЗИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭЛЕКТР ТОРАПТАРЫНЫҢ БАС ИНЖИНЕРІ:
Бұл біздің қызметкер емес. Жк Атмосфераның линиясында отпайка 2667 деген ДП-да болған оқиға. Оның енді қалай болғаны расследование жүріп жатыр бізде. 01:42 Жк Атмосфераның өздерінің ответсвенный энергетиктары бар, олар сол құзырымға жауап береді. Ол линияда жұмыс жүргізілген. Ол линия Жк Атмосфераның балансында. Біз ол жерге адам жіберген емеспіз жұмыс істеуге.
37 жастағы ер азаматтың абайсызда болған өліміне қатысты еңбектi қорғау қағидаларын бұзу бабы бойынша іс қозғалды.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталмыш дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталуда.