Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Демалыс күндері күн суытады

AstanaTV
18.11.2016ж. 20:00
2566
Демалыс күндері күн суытады

Демалыс күндері елдің 6 аймағында күн қатты суытады. Ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендемек.  Ол Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстары. Сондықтан синоптиктер абай болуды ескертеді.

Тіпті оңтүстік өңірлерде де күн салқындайды. Алматы, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда сынап бағанасы -25 градусқа дейін көтерілмек.

Ал бір аптадан бері сақталып тұрған сарыарқаның сарышұнақ аязына байланысты жастар арасында "Манекен челлендж" флеш-мобы белең алды. Оған қатысқандар әртүрлі қимылда қатып қалады. Бірақ Астана үшін 30 градустық аяз қалыпты дегендер флеш-моб атауын "Астанада үсігендер" деп өзгертуді ұсынып жатыр.