Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Х-ның қарт әжесін үйінен шығару туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сотта қарт ерлі-зайыптылар 30 жыл бұрын ортақ тұрғын үй салып, онда балалар мен немерелерін өсіріп, кейін қызының көндіруі бойынша ортақ үйдегі өз үлестерін немересі Х-ға мұрагерлікке сыйлағаны анықталды. Мүлікті иеліктен шығаруға қарамастан, зейнеткерлер даулы тұрғын үйде тұруды, коммуналдық қызметтерді, салықтарды төлеуді жалғастыруда. Отбасылық жанжалдардың салдарынан немересі Х әжесін, сондай-ақ ағасын барлық отбасы мүшелерімен үйден шығару туралы арызбен сотқа жүгінді. Ол өзінің талабын тұрғын үйдің заңды және жалғыз иесі екендігіне, жауапкерлер үйді өз еркімен босатпауына және оған үйді өз қалауы бойынша басқаруға мүмкіндік бермеуіне негіз етті.
Сот шешімімен әжесі мен ағасы тұрғын үйден шығарылды. Алайда апелляциялық сатыдағы сотпен шешім өзгертіліп, жауапкерлерді шығарудан бас тартылды.
"Сот алқасы даулы тұрғын үйді бұрын қарт Т. иеленгенін, 2015 жылы сыйға тарту шартын жасау нәтижесінде оған тиесілі жалғыз тұрғын үйінен айырылғанын назарға алды. Қазіргі уақытта зейнеткер Т. есту қабілетінің бұзылуының ауыр дәрежесіне ие, созылмалы аурулардан зардап шегеді, диспансерлік есепте тұрады, кардиолог пен басқа мамандарда байқалады. Заңға сәйкес, азаматтардың басқа адамға зиян келтіруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ оның мақсатына қайшы келетін құқықты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді. Алқа Т-ның қарт жасын, оның және талап қоюшының арасындағы туыстық қатынастарды, жауапкердің даулы тұрғын үйде ұзақ тұруын ескере отырып, парасаттылық пен әділеттілік критерийлерін ескере отырып, даулы тұрғын үйден әжесін шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдады", - Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
Апелляциялық соттың шешімі заңды күшіне енді.