Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

ШҚО-да жылыту қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты

AstanaTV
15.10.2023ж. 11:23
870
ШҚО-да жылыту қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты

ШҚО-да моншада жылыту қазандығы жарылып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға түсті. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды.

ТЖД мәліметінше, 14 қазанда Зайсан қаласындағы Боқажанов көшесінде орналасқан бір қабатты қоғамдық монша ғимаратында жылыту қазандығы жарылған (қатты отынмен жылытылатын). Салдарынан алдын ала мәлімет бойынша нысан иесі қаза болған. Сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлері 1984 және 1991 жылы туған ер адамдарды медициналық мекемеге жеткізген. ТЖД ақпаратынша, оқиға болған кезде моншада келушілер болмаған. Сонымен қатар ведомство ШҚО ТЖД қызметкерлері жартылай құлаған ғимаратты бөлшектеп, тазалап жатқанын, барлық қызмет, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылғанын атап өтті. Оқиға орнына ШҚО әкімі Ермек Көшербаев пен ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев шыққан.