Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

2028 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына тағы 5 спорт түрі енгізілді

AstanaTV
15.10.2023ж. 14:14
648
2028 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына тағы 5 спорт түрі енгізілді

Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2028 жылдың 14 шілдесінде өтеді

2028 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына тағы 5 спорт түрі енгізілді

Халықаралық Олимпиада комитеті жалаулы футбол, крикет, лакросс, сквош және бейсбол/софтболды 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізуді мақұлдады. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл ұсынылған бес спорт түрі америкалық спорт мәдениетіне толығымен сәйкес келеді және әлемге әйгілі америкалық спорт түрлерін көрсетеді. Олардың қосылуы Олимпиадалық қозғалысқа Америка Құрама Штаттарындағы және бүкіл әлемдегі спортшылар мен жанкүйерлердің жаңа қауымдастықтарымен араласуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге АҚШ-қа халықаралық спорт түрлері де келеді», - деді Томас Бах.

Айта кетейік, Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2028 жылдың 14 шілдесінде өтеді. Жарыс 30 шілдеде аяқталады.