Танымал кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев Instagram-парақшасында "Қазақша бизнес Бразилияда" фильмінің түсірілім барысын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Бразилияның төрінде Рио-де-Жанейроның Әл Фараби көшесі. Шетелде кино түсіру оңай емес", - дейді актер.
Айта кетейік, қазір атушылы "Қазақша бизнес" франшизасының 7-бөлімі түсіріліп жатыр. Нұрлан Қоянбаев дәстүрден жаңылмай брендке айналған жобасын бұл жолы - 218 миллион халқы бар Оңтүстік Американың Бразилия, Рио-де-Жанейро қаласында түсіруді таңдаған. Фильм 28 желтоқсанда жарыққа шығады.