Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жас жігіт аттракциондар саябағында тілін жұтып, комаға түскен

AstanaTV
15.10.2023ж. 21:33
684
Жас жігіт аттракциондар саябағында тілін жұтып, комаға түскен

Мәскеуде колледжде оқитын студент достарымен бірге ойын-сауық саябағына барған. Жас жігіт достарының сөздеріне көніп, ең экстремалды аттракциондардың бірінен сырғанауды шешеді. Аттракционға отыру 18 жастағы жігіт үшін клиникалық өліммен аяқталды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Пойыз 80 км/сағатқа дейін жылдамдықпен жүреді, бірден ондаған метрге жоғары көтеріледі де, төменге түседі. Жолдың бір бөлігінде ол қараңғы тоннелден өтеді. Жас жігіт сол жерде тілін жұтып қойған. Пойыз тоқтаған кезде ол клиникалық өлім күйінде болған. Оған көмекке саябақтың кезекші дәрігері келген, содан соң жедел жәрдем шақырылған.

Келген дәрігерлер жас жігітке бас миының ісігі және кенеттен пайда болған клиникалық өлім дигнозын қойған. Жігітте жүрекпен проблемасы болған, бірақ ол ешқашан денсаулығына шағымданбаған және спортпен белсенді айналысқан. Қазір студент реанимацияда жатыр. Оның жағдайы ауыр. Жігіт комада.

Аттракционда сырғанау өлімге дейін әкелген жағдайлар бұған дейін де болды. Әлем бойынша, мұндай жағдайлар сирек болғанымен, кездесетінін ескеру қажет. Сондықтан көпшілік дәрігер мұндай аттракциондардың жанына олардың денсаулыққа тигізуі мүмкін жағымсыз салдарлары жайлы ескертулер іліп қоюды ұсынады.