$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстандықтар қыркүйек айында кафе мен мейрамханаларға 100 млрд теңге жұмсаған

AstanaTV
15.10.2023ж. 22:55
940
Қазақстандықтар қыркүйек айында кафе мен мейрамханаларға 100 млрд теңге жұмсаған

2023 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтар қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханаларға шамамен 100 миллиард теңге жұмсаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы сарапшыларының есептеулері бойынша қазақстандықтар шамамен 99,7 млрд теңгені тамақтану орындары мен мейрамханаларға құртқан. Бұл саладағы инфляцияны есепке алғанда 2023 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 7%-ға жуық артық.

Статистикаға сәйкес, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы мейрамханалар, дәмханалар және осыған ұқсас мекемелерге жұмсалған шығындар жан басына шаққанда орта есеппен 2,1 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,6%-ға артық.