$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Ер адаммен жанжалдасқым келмейді": Әнші Сара Амангелді күйеуінің өтінішімен өнерден бас тартуға дайын екенін айтты

AstanaTV
16.10.2023ж. 10:44
1623
"Ер адаммен жанжалдасқым келмейді": Әнші Сара Амангелді күйеуінің өтінішімен өнерден бас тартуға дайын екенін айтты

Жас әнші, актриса Сара Амангелді “Жұлдызды шаңырақта” бағдарламасында болашақ күйеуіне қарсы келмейтінін, отбасы үшін өнерін де тәрк етуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анна Данченконың: “Сіз сүйіп қалдыңыз, сол жанмен бас қостыңыз. Бірақ оның бірден бір талабы, сізді сахнадан да, кинодан көргісі келмейді. “Үйде отырып бала-шағамен айналыс, үйдің жылулығын сақта, мен күтіп ал” десе, ол сіз үшін бостандықтан айыру емес пе?” деген сауалға Сара: “Жоқ, олай деп ойламаймын. Бір-бірін жақсы көретін адам ауызбіршілікте, келісімде өмір сүреді. Ер адаммен ұрысып, жанжалдасқым келмейді. Егер оның қалауы сондай болса, дәл солай болады”, – дейді Сара Амангелді.

Өнер иесі отбасыны бірінші орынға қоятынын айтып, өнерде жүріп, өз құндылықтарынан айырылып қалғысы келмейтінін жеткізді.

“Иә, мен өнерге, шығармашылыққа ғашықпын. Басқа адамдар да солай жасаса мен қуанамын. Бірақ мен үшін ең бастысы, менімен бірге болатын – ұрпағым, болашақ күйеуім. Мен көбіне “өмір бойы” деген дүниелерге мән беремін. Сол себепті мен үшін ең бастысы, отбасымды, шаңырағымда барынша бақытты ету, сақтап қалу. Жұмыс бір күні бітеді. Ал отбасыны қайтара алмайсың. Құдайға шүкір, Алла бақ берді, халқым таниды. Білсе болды, ең бастысы абырой мен сыйластық. Оның бәрі өтіп кетіп, кейін өзің жалғызсырап қалған кезде “қап-ай” деп сан соғып қаласың”, – дейді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Сара Амангелді қазақтың алып қаушу салтын қалыпты деп санайды. Тіпті өзін қалып қашып кетсе, көнетінін айтқан болатын.