Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

73 жастағы қазақстандық зейнеткер Түркияға жаяу жеткен

AstanaTV
16.10.2023ж. 12:32
463
73 жастағы қазақстандық зейнеткер Түркияға жаяу жеткен

Ұлытау облысының зейнеткері Сәрсенбай Қотырашов әлемді жаяу аралап, Ыстамбұлға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақсақал Қазақстаннан Ыстамбұл жағалауына жаяу жеткен видеоны өзінің Instagram-парақшасында жариялады.

"Мен Ыстамбұлдамын", – деп жазды саяхатшы.

Кейін ол өзі тұрған қонақүй бөлмесінің бөлме турын жасады.

2 тамызда Сәрсенбай Қотырашов әлемдік рекорд орнатуды көздеп, бүкіл әлем бойынша жаяу саяхаттауды бастады. Зейнеткер планетаны айналып өткен ең қарт тұрғын ретінде танылуды жоспарлап отыр. Ақсақалдың жаяу туры екі жылға созылады деп жоспарлануда.