Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Орталық Азияда 60 млн әйел интернетке қол жеткізе алмай отыр

AstanaTV
16.10.2023ж. 19:45
512
Орталық Азияда 60 млн әйел интернетке қол жеткізе алмай отыр

Алматыда Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогында нәзік жандылардың тұрмыс-тіршілікте кездесетін қиындықтары мен мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Конференцияда саясат пен экономика, бизнес пен қоғамдық жұмыста көшбасшы болып жүрген қыз-келіншектер бас қосты.

Бүгінгі іс-шара аймақтағы нәзік жандыларымызға арналды. Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болып, зардап шеккен әйелдердің қатары көбеймесе, азаяр емес. Тәжістан Президенті тәуелсіздік алған уақыттан бері гендерлік саясатты қолға алды. Қоғамда ер мен әйелдің құқығы тең екендігін айтып, қыз балалардың білім алып, дамуына жағдай жасады. Әйелдердің саясат пен экономикада да, бизнесте де қарқыны артып келеді. Тәжікстанда әйелдердің құқығын қорғауға арналған 2025-30 жылға дейінгі жоба әзірленген. Осы жобаның негізінде жұмыстар қарқынды жүзеге асырылып жатыр деп айта аламыз. Бүгінде кәсікерлікпен айналысқысы келетін әйелдерге арналған гранттар беріледі. Қыз балалардың білім алуына барлық жағдай жасаған, – дейді Тәжікстан үкіметі жанындағы Әйелдер және отбасы істері комитетінің басшысы Хилолби Курбонзода.

БҰҰ Әйелдер өңірлік офисінің мәліметі бойынша, Еуропа мен Орталық Азия аумағында 60 миллионнан астам әйел мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр.