Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Актер Айдар Асқарбек әлеуметтік желіден қанша табыс табатынын айтты

AstanaTV
16.10.2023ж. 22:08
658
Актер Айдар Асқарбек әлеуметтік желіден қанша табыс табатынын айтты

Көпшілікке "Рауза" телехикаясы арқылы танылған актер Айдар Асқарбек әлеуметтік желі арқылы ай сайын қанша табыс табатынын айтты. Өнер иесі "Оян, таң" бағдарламасында желіден түсетін орташа табысы 2-7 млн теңгені құрайтынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желіде орта есеппен 2-7 млн теңге табыс табамын. Ол менің уақытыма, желіге қосылуыма байланысты", - деді Айдар Асқарбек.

Сонымен қатар өнер иесі түсірілім барысында ашық сахналар қиындық тудырмайтынын да жеткізді.

"Ашық сахна қиындық тудырмайды. Жаныңдағы серіктесің әдемі, сұлу болса, неге қиындық тудыру керек?", - деді актер.