Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы өлімінің алдын ала себебі айтылды

16.10.2023ж. 20:00
680
"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы өлімінің алдын ала себебі айтылды

"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы 21 жасар жігіттің мезгілсіз өліміне асқынған ұйқы безінің ауруы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген оқыс оқиға концерт басталар сәтте болған. Жігіт концерт басталуға санаулы минут қалғанда құлап қалған. Жедел жәрдем 10 минутта келгенімен, оны аман алып қала алмады.

Наргиз ШОТПАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

14 қазан күні Жылқайдаров Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін сот сараптама институтына жеткізілді. Өлімнің алдын-ала себебі жедел геморрагиялық панкреонекроз. Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі.