Қарағандылық дәрігерлер жақ сүйегіне ісік пайда болған бойжеткенге бірегей операция жасап, оны аман алып қалды. Отаның күрделілігі соншалық, іскен жақтың төменгі бөлігінің тең жартысын алып тастауға тура келген. Ал оны қалыпқа келтіру үшін аяқ сүйегі мен тамырлары пайдаланылған. 25 жастағы Камила Қожантаева бес күн бұрын жасалған операциядан кейін басын көтеріп, аяғынан тұрды. Жағдайы жақсы. Бойжеткен ауыр дертті 7 ай бұрын стоматологқа барғанда бір-ақ білген. Алғашында иегі қатты ауырып, кейін үлкен ісікке айналған.
Камила ҚОЖАНТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Алғашында тісім ауырып жүр деп ойлағам.Сосын стоматологқа барып рентген жасаған кезде ісік бары анықталды. Мұнан соң мамандарға қаралып, операцияға дайындалдым. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Су іше бастадым.Енді біртіндеп қалыпқа келіп жатырмын.
Негізі осыған дейін ісіктер алынған соң жақ сүйекке титан құрылғы немесе қабырға сүйегі салынатын. Тамырсыз болғандықтан жазылу ұзақ немесе бірнеше рет ота жасауға тура келетін,- дейді хирургтар. Енді ресейлік мамандардың тәжірибесін қолдана отырып бір жолда операцияға жақ сүйек, тіс, микрохирург секілді бірнеше маман қатысып тамырға дейін жалғап шығады.
Нұрқаси АБАТОВ, ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КЛИНИКАСЫНЫҢ БАС ХИРУРГІ:
“Бұрын науқасқа ота жасалған кезде 3 рет, 4 рет жасалатын еді. Сүйекті алып тастағаннан кейін эстетика жағы көріністі болатын. Сондықтан да мынау аяқтан сүйек алып, оның тамырын сақтап артериядан микрососудадан жалғастыра жасап, алынған сүйектен кәдімгі төменгі жақ сүйегін қалыптастырып оны құрап қайтадан орнына салды. Мұның бір жақсылығы бірақ операциямен бүкіл операция бітті”.