$478.93 €534.96 ₽5.16
×

"Мен төрт белдікті де алғым келеді", - Жәнібек Әлімханұлы

AstanaTV
16.10.2023ж. 20:00
892
"Мен төрт белдікті де алғым келеді", - Жәнібек Әлімханұлы

Қайырлы кеш, спорт сүйер қауым! Сіздермен «Астана» телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті «бес минут» айдары. Менің атым Нұрлан Нұрыш. Біз бастаймыз!

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды. Ол АҚШ-тың Техас штатындағы Розенбергте өткен турнирде қарсыласы неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы атанды.

Жекпе-жектен кейін отандасымызды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, «Жәнібек тағы да бүкіл әлемге қазақ бокс стилінің сұлулығы мен күшін көрсетті» деп ыстық ықыласын білдірді.

Әлімханұлының өзі екінші титулды жеңіп алғаннан кейін мұнымен тоқтап қалмайтынын атап өтті. «Менде екі атақ бар. Енді мен дивизиондағы барлық төрт белдікті жинағым келеді» - дейді, Әлімханұлы

 Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында он бесінші жеңіске жетіп, WBO белбеуіне IBF атағын да қосты. Гуальтиери үшін бұл жеңіліс кәсіби мансаптағы алғашқы жеңіліс болды.

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева блицтен жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Италияның Пула қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасында рапид пен блицтен әлем біріншілігінде өнер көрсеткен отандасымыз алтын жүлде үшін таласта командаласы Әмина Қайырбекованы жеңді.

Оған қоса, блицтен ерлер арасындағы бәсекеде қола жүлде үшін таласқан Арыстан Исанжулов қарсыласын тай-брейкте жеңіп, үшінші орынға табан тіреді.

Сонымен қатар, Ксения Балабаева рапидтен жаһандық додада күміс жүлдегер атанса, тағы бір отандасымыз Зейнеп Сұлтанбек қола медальға ие болды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко «Түркия турында» жеңіске жетті. Луценко жарысқа Қытайдағы Азиададан кейін келді, онда ол алтын мен күмісті жеңіп алды. Түркиядағы көпкүндік кезінде ол ең қиын кезең, яғни корольдік кезеңді жеңіп алды, ал 6-кезеңде ол екінші болды.

8-кезеңнің қорытындысы бойынша Луценко бірінші болды, жалпы нәтижесі 30 сағат 6 минут 58 секунд. Екінші орында неміс Бен Цвихофф. «Астананың» тағы бір шабандозы Харольд Техада Луценкодан 51 секундқа артта қалып, үшінші болды.

ЛУЦЕНКО «ТҮРКИЯ ТУРЫНДА» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Құрлықтық хоккей лигасында астаналық "Барыс» өз алаңында Магнитогорсктің «Металлургімен» ойнады. Ойынның басталуына дейін қазақстандық клуб Шығыс конференциясының оныншы орнында болды, ал ресейлік клуб көш басында тұрды.

Бірінші кезеңдегі жалғыз шайбаны Райли Барбер соқты. Ойынның екінші жартысында Роман Старченко гол соқса, кейін қарсыласы қатарынан 3 рет гол салды. 3-шайбаны Никита Михайлис соқты.

Соңғы жиырма минуттың соңында Рудольф Червени есепті теңестіріп, ойынды овертаймға жеткізді. Бірақ қарсыластың пайдасына шешілді. Қазақстандық клуб өз алаңында қатарынан екінші матчта ұтылып қалды. 18 қазанда «Барыс» Тольяттиде «Ладамен» кездеседі.

«БАРЫС» «МЕТАЛЛУГТАН» АЙЛАСЫН АСЫРА АЛМАДЫ

Испания құрамасының футболшылары 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің сегізінші турында Норвегия құрамасын жеңді. Жексенбіде Ослода өткен ойын испандықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. 49-минуттағы жалғыз голды Гави соқты.

Тағы бір іріктеу матчы сенсациямен аяқталды. Уэльс құрамасы Хорватияны 2-1 есебімен жеңді. Уэльс құрамасында Харри Уилсон дубль жасады, ал Хорватия құрамасынан Марио Пашалич ерекшеленді.

Қазіргі уақытта футболдан Еуропа-2024 чемпионатында өнер көрсететін жеті құрама анықталды. Іріктеу турнирінде Бельгия, Франция, Португалия, Испания, Түркия және Шотландия құрамалары жолдаманы мерзімінен бұрын жеңіп алды. Айта кетейік, Германия автоматты түрде құрлықтық біріншілікке қожайын ел ретінде қатысады.

ЕУРО-2024: НОРВЕГИЯ – ИСПАНИЯ 1:0

ЕУРО-2024: УЭЛЬС –ХОРВАТИЯ 2:1

Футболдан Қазақстан құрамасы Финляндиямен 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчына Хельсинкиге ұшып келді. Кездесу 17 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Ойын алдында екі команданың да қоржынында 12 ұпай бар: Финляндия қосымша көрсеткіштер бойынша үшінші орында, Қазақстан — төртінші орында. Қазақстан мен Финляндияның Астанадағы алғашқы матчы финндердің жеңісімен аяқталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы екі күн бұрын Дания құрамасынан 3:1 есебімен жеңілді.

Еуро-2024: Финляндия vs Қазақстан

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Экранда х5 ойынының қорытындысы көрсетілген. Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз. Сондай-ақ,

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.