Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Джунгли» заңы...

AstanaTV
19.11.2016ж. 20:00
2535
«Джунгли» заңы...

Азиз  Кадиров 2-ге келгенінде анасы қайтыс болып, балалар үйінде тәрбиеленген. Демеушілердің бірі қой әкелсе, «палау жейміз, тойып тамақ ішеміз» деп кәдімгідей қуанғандарын еске алады.Бірақ жазаланған – яғни тәрбиешілердің қаһарына ұшыраған баланың ол күні палау жемек түгілі, ұйқы көрмейтінін айтты. Себебі «айыпты» бала еденге жатқызылады екен. Азиздің қазір де өз үйі - баспанасы жоқ. Тұрақты жұмысының барына шүкіршілік қылады...  Еліміздегі 106 мемлекеттік мекемеде 6 436 бала тәрбиеленіп жатыр. Оларға жыл сайын бюджеттен бөлінетін 10 млрд-тан астам теңгенің мақсатты жұмсалатынына күмән бар. Себебі жетімдерді көшеде қаңғытпағанымен, «түз тағыларынша тәрбиелеу» қалыптасқан. Соңғы уақытта жетімдерге көрсетілетін психологиялық, тіпті сексуалдық зорлық-зомбылық туралы фактілер ашық айтыла бастады. Осы аптада Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова олардың тойып тамақ ішпейтінін, киімді жыртылып-тесілгенше киетінін баяндап, сауал тастады. Балалар үйлерін кенеттен тексеруді айтты. Бірақ айту бар да... Айзада Төребекқызы сабақтайды.

 - Наказанный бала болса, тамақ жемейді. Түнімен ұйықтамайды, полға жатқызады. Полдник жейсің, бір жемейсің. Ужин кешігіп қалсаң ужинді әдейі  балаларға беріп жібереді, жеп қояды. Пол жумай қалса,оны ұру керек, ұрғанда тебеді. Сосын оны біз директорға айтуға қорқамыз.

Азиз Кадыровтың балалар үйінде көрген құқайының бұл бір бөлігі ғана. Балалар үйінің бірінен  тоғыз жыл бұрын түлеп шықса да әр алған соққы,  әлімжеттік, қиын күндері күні кешегідей көз алдында. 

Азиз Кадыров:

Баня, ең детдомның  «опасный»  жері ол баняда «издевательство». Баняда мені шкафтың ішінде теуіп, міне уже шрам тұр,сондықтан мен айтайын, баняда жақсы жуынбасаң, киімдерің су болса да  баняда ұра береді, полға басып. Сондықтан мен  шыдадым.

Балалар үйіндегі ұрып-соғу көптеген мекемелерде бар жағдай. Мұны Таразда тұратын 23 жастағы мына жігіт те растап берді.Тек бет-жүзін  көрсетпеді. 

Тараз тұрғыны:

Воспитательницаларымыз келіп, болмайтын бір минус жасап қойсақ соған жазалап, пол жуғызып қоятын. Біз детдомда жүрген кезде дедовщинаның не екенін көрдік. Бізді ұрып-соғатын, біз кәдімгідей төбелесетінбіз. Басқа микрайонның балаларына жіберіп, соларға тиіскізіп, соткасын алып қойып сондай  істерге жіберетін бізді.

Өткен іс өтті. Шымкенттік  Азиз көпке топырақ шашудан аулақ.Ана орнына ана бола білген тәрбиеші апайлар болған, олардың  жақсылығын  ұмытпаймын дейді. Өзі де тынымсыз бала болғанын жасырмайды. Десе де әділдікті қалайды. Кейбіріне сол үшін жақпаған көрінеді. Мәселен демеушілер әкелетін сый-сияпатқа  қатысты сұрақтары. 

Азиз Кадыров:

Любой қонақ келеді. Конфет 1 қорап, 2 қорап печенье, 4 қорап шоколад.Біз ойлаймыз  оны жейміз.Екі-үш таратады, Алла разы болсын. Енді... бәрібір балалар үйіне келген нәрсесі бізге соңына дейін  осы күнге дейін жартысы келмейді және тимейді. Бірақ кофталар  береді ай сайын, мезгілімен курткалар береді.- Киетін бе едіңдер?-Киеміз. Пока бастық ұрыспайды басқаша тірлік болады. Екінші жағынан, бастық ұрыспаса, тексермесе бастықтың жанында жүрген адамдар алдайды.

-Талай әділетсіздікке куә болдым,- деген Азиз, балалар үйін түгел тексеріп  шығар ма еді деп отыр. Тексеру демекші, барлық балалар үйін жоспарсыз тексеру керек. Сәрсенбіде Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова тура Азиздің сөзін қайталады.

 Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Соңғы кездері балалар үйінде зорлық көрсету фактілері ашық айтыла  бастады.  Психологиялық, физикалық, сексуалдық сипатта. Тәрбиешілердің балаларға, жасы үлкендердің кішілерге зорлық көрсету фактілері анықталып жатыр. Жетім балаларға қатысты зорлық көрсету әдетке айналып барады. Жетім және кемтар балалар жылдап жәрдемақы алмайды, тамақты тойып ішпейді, киімдерін жыртылғанша киеді. Бұл туралы прокуратура тексерістерінің қорытындысы бойынша белгілі болды... Оларды кенеттен тексеру керек.

Біз ата-ана қамқорлығынсыз қалған балғындардың бүгінгі тағдырын өз көзімбен көруге тырыстық. Шымкенттегі № 3 балалар үйіне арнайы бас сұқтық. Ескертпестен. Түскі астың уақытына дөп бардық. 

-Астарыңыз дәмді болсын! -Рахмет!

 Бүгін балаларға біріншіге қолдан кесілген кеспе көже берілсе, екінші тамаққа шашпа күріш, етімен.

Меруерт Сейдағзамова, асхана қызметкері:

1-тамағымыз -350 грамм, 2-тамағымыз 220 грамм күріш, 30 грамм  ет. 85 гр. қызылша салаты және 220 гр. нан және  200 гр. шәй береміз балаларға.

Айтпақшы, Мәжіліс депутаты ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастырудың маңыздылығын да еске салды.  «Бүгінде патронат отбасыларына айына 20 мың теңге беріледі. Ал балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге осы уақытқа 150 мың теңге бөлінеді. Егер асырап алушы отбасыларға осынша ақша төленсе балалар үйі жабылуы әбден мүмкін», - деп атап өтті Ирина Смирнова. Депутаттың бұл ұсынысын Шымкенттегі №3 балалар үйінің директоры Қырмызы Қожамжарова да құптап отыр.

Қырмызы Қожамжарова, Шымкенттегі  №3 балалар үйінің директоры:

Екі қолдап қолдаймыз.Балаларды  отбасында тәрбиелегенге ештеңе жетпейді,бәрібір. Ертеңгі күні өскенде  ол бала қоғамда өз орнын табу ол жерде әкенің тәрбиесі, шешенің тәрбиесі. Әйтпесе бауырлар арасындағы ,туған-туыстар арасындағы қатынасты біліп өсу ол баланың  ертеңгі күнге үлкен үлесін қосады.

Бұл мекемеде осыдан екі жыл бұрын 120 тәрбиеленуші болған. Бүгінде олардың саны екі есе қысқарыпты.

Айзада Төребекқызы, тілші:

 Шымкенттегі № 3 балалар үйінде дәл қазір 64 бала тәрбиеленіп жатыр.Былтыр дәл осы уақытта 82 бала болыпты. Олардың бесеуі өз отбасына қайтарылса, 12-сі патронаттық тәрбиеге берілген. Тағы тоғызын қайырымды азаматтар қамқорлығына алыпты. Бұл бүлдіршіндер де өз отбасы болғанын қалайды.

Үмітті бүлдіршіндердің бірі - алты жасар Андрей. Өскенде полиция қызметкері болғысы келетін балақайдың басты арманы -

Андрей: 

Мен отбасына барғанды қалаймын.Отбасында мамам, атам, әжем болсын деп қалаймын.

Ал Асылмұрат, Данияр және Аружанның көңілі орнында. Осыдан төрт жыл бұрын балалар үйіне өткізілу қаупі туған. Аналары істі болғанда. Қазір патронаттық отбасында. Бөтен емес, нағашы әпкесінің қолында.

Гаухар Төкенова, Шымкент қаласының тұрғыны: 

Бұл өте қолайлы екен, шынын айтқанда. Бауырдың балаларын әйтеуір  бөтенге жалтақтатпай үкіметтің балалар үйі деп жатады ғой, ол жерде де  балалардың көздері жәудіреп жүргенін қаламадым. Әйтеуір қолымнан келгенінше барымды салып осы балаларды шаңыраққа қайтып оралдырдым.

Ал 16 жыл балалар үйінде тәрбиеленген Азиздің бүгінгі бар уайымы - баспана. Үйі жоқтың күйі жоқ. «Далада» түнеп жүрген жайы бар.

Азиз Кадыров:

Депутаттарға біздің өтінішіміз баспана берілсе. Адамдар сияқты өмір сүріп,бала-шаға  өсіріп, жақсы ниеттерді ойлап, осы Қазақстанда өмір сүргеннен кейін жұмыс істеп, абыройлы болуға біз де дайынбыз. Мен де ойлаймын, құдай қаласа жақсы болса бәрі, мен де үйленем. Осы жамандық, болған қара-қара көздегі жылау, мен ойлаймын, ол бәрі ұмытылып кетеді, егер де тезірек баспана берілсе. 

Айзада Төребекқызы, Серік Талас, «Біздің уақыт».