Жақында танымал тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан жалғыз ұлы Даниялды әскерге шығарып салды. Ол Айкерім Есенәліге берген сұхбатында ұлын аттандырып жатып, қандай сезімде болғанын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тележүргізуші ұлын әскерге аттандырар алдында көзіне жас алғанын жасырмады.
“Әскерге аттанар алдында мене ешқандай эмоция болған жоқ. Даниялды үйден шығарып салғанда: “Даниял, сен ер жігітсің, мықтысың, сенде барлығы жақсы болады” деп жібердім. Мен ұлым үшін қорықпаймын. Әскер – түрме емес. Тек ұлымды бір жыл көрмейтінімді түсінгенде көз жасыма ерік бердім. Әскерде ол өзін жақсы жағынан көрсетсе, тәртібі жақсы болса үш айда бір рет үйге жіберіп тұрады екен. Одан да жақсы жағынан көзге түссе жиі жіберіп тұруы мүмкін. Егер бір жылдың ішінде үйге 5-6 рет келсе, біз үшін соның өзі жеңіс. Даниял мемлекеттік күзет қызметінде әскери борышын өтеп жатыр”, – дейді Динара Сәтжан.
Тележүргізуші қазір әскерге барып келген ер жігіттерге жақсы мүмкіндіктер берілген. Ол әскерге барудың артықшылықтарын атап өтті.
“Менің ойымша, мықты болу үшін тәртіп керек. Қазақтың “Қызды жоқтық, ұлды тоқтық құртады” деген мақалы ұнайды. Даниял ақша табуды, оқуды біледі. Қазір көп адам марафон жасап жүгіріп, Эверест тауын бағындырып, қыруар ақша төлеп парашютпен секіріп жатыр. Мұның бәрін адамдар күш-жігеріп қайрап, шыңдалу үшін істейді. Менің ойымша, қазір адамдарға төзімділік, шыдамдылық жетпейді. Қазіргі Қорғаныс министрлігінің жаңа ережесі бойынша, әскерге барып келген кез келген жігіт ҰБТ тапсырмай-ақ қалаған жоғарғы оқу орнына грантқа түсе алады. Ал ақылы бөлімге түссе, оқуын 2-курстан бастайды. Даниял келесі жылы күзде келгенде 2-курстан бастап оқиды”, – дейді кәсіпкер.