Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Биыл 1 миллионға жуық адамды жұмыспен қамту міндеті тұр", - Ә.Смайылов

17.10.2023ж. 20:00
537
"Биыл 1 миллионға жуық адамды жұмыспен қамту міндеті тұр", - Ә.Смайылов

Елімізде кейбір салалар бойынша маман жетіспейді. Әсіресе, энергетика, мұнай-газ индустриясы, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, IT бағытында кадр тапшы. Ал Алматы әкімдігі жастарға 2,5 пайыздық несие беру жобасын кешіктіріп жатыр. Үкіметтің алдында биыл 1 миллион адамды жұмыспен қамту мәселесі тұр. Межені орындау үшін өңір әкімдері бос жұмыс жәрмеңкелерін жиі ұйымдастыруы қажет. Премьер-министр бүгін осындай тапсырма берді.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Қазіргі таңда 734 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың жартысы – жастар. Қалған 2,5 айда жоспарлы көрсеткіштердің бәрі орындалуы тиіс. Әр өңірдің өзінің жұмысқа орналастыру жоспары бар. Онда әрбір өңірдегі еңбек нарығының ерекшеліктері ескерілген.