Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстанда 1618 адам іздеуде жүр

AstanaTV
18.10.2023ж. 13:17
529
Қазақстанда 1618 адам іздеуде жүр

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздеуде жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz  Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, іздеуде жүргендердің ішінде: ерлер-1476, әйелдер - 142. Іздестіруде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейін.

Олардың көп бөлігі:

Астана - 361,

Алматы - 191,

Ақтөбе - 143,

Қостанай - 140,

Жамбыл - 140,

Павлодар - 108,

Алматы - 102,

Маңғыстау - 59 облыстарында іздеуге салынғандар.

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы). Ал Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі:

Маңғыстау - 46,

Алматы (о) - 45,

Қостанай - 44,

Шығыс Қазақстан - 43,

Павлодар - 40,

Қарағанды - 35,

Абай - 32,

Ақмола - 26,

Солтүстік Қазақстан-21,

Астанада - 17 облыстарында тіркелген.

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.

4 - бас бостандығынан айырылды,

2 - шартты түрде сотталды,

196 - бас бостандығын шектетілді,

5 - қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.