Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ресей мұнай өндіру көлемін бірқалыпты деңгейде ұстап тұруға дайын

AstanaTV
21.11.2016ж. 20:00
2440
Ресей мұнай өндіру көлемін бірқалыпты деңгейде ұстап тұруға дайын

Ресей мұнай өндіру көлемін бірқалыпты деңгейде ұстап тұруға дайын. Ел президенті Владимир Путин осыны мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс.

«Алдағы ОПЕК елдері жиынына қатысты біздің ұстанымға келер болсақ, жағдай өзгеріссіз қалады. Бұл туралы бірнеше рет айтқанбыз. Мұнай өндіру қазір қай деңгейде болса, сол қалыпта тұрақтандыруға дайынбыз», - деді Путин. Сондай-ақ, бұдан Ресей экономикасына зиян келмейтінін, Энергетика министрі жетекші компаниялармен байланыста екенін және  барлығына дайын екенін айтты. Оның сөзінше, келісімшарт 100 пайызға орындалады деу қисынсыз. «ОПЕК-тің ішінде келіспеушіліктер әлі толық жойылмаған. Мұнай өндіруші елдер ұйымы бізден не күтіп отыр, соған қарап тиісті қадам жасауға дайынбыз. Қалай болғанда да, мұнай өндіруді тұрақтандыру бізге еш қиындық тудырмайды», - деді Ресей президенті.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

Біз елдің экономикалық секторына зияны тиетіндей ештеңе көріп тұрған жоқпыз. Жетекші компаниялармен министрдің өзі байланыста. Олар кез-келген жұмысқа дайын отыр. ОПЕК-тегі келіспеушіліктер әлі шешіле қойған жоқ. Бірақ бәрі өз орнына келеді деп ойлаймыз.   

Саламат ОМАШ