$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Зейнетақының ең төмен мөлшерлемесін жалақымен теңестіру қажет", - депутат

18.10.2023ж. 20:00
844
"Зейнетақының ең төмен мөлшерлемесін жалақымен теңестіру қажет", - депутат

Расымен елімізде көлік көбейіп барады. Мегаполистерді былай қойғанда моноқалалардың өзінде кептеліс болады. Жыл басынан бері автосалондар 120 мыңнан астам көлік сатқан. Тамыз айында шекара асып келген 98 мың темір тұлпар тіркелген. Осы және өзге де ақпараттар «Экономика» топтамасында.

Елде жеңіл машина жасау 42 пайызға, сату 60 процентке ұлғайды. Биылғы көрсеткіш бойынша автокөлік өндірісі 2,6 трлн теңгеге жетті. Бұл жалпы өнеркәсіп өндірісінің 9 пайызын құрайды. Жыл басынан бері елімізде 97 мыңнан астам машина құрастырылды. Оның 88 мыңы жеңіл автокөлік. Сонымен қатар, автосалондардағы диллерлер 120 мыңнан астам көлік сатқан. Тамыз айында 98 мыңнан астам машина тіркеуге қойылды.

Еліміз қазба байлыққа бай деп мақтанғанғанда алдымызға жан салмаймыз. Бірақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтылған халық саны жыл санап артып жатқаны жасырын емес. Қазір ең төменгі зейнетақы мөлшері 58 мың теңге шамасында. Күнкөріске жетпейді. Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов зейнетақы реформасын жасауды ұсынды.

Әділ Жұбанов, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі жалақы мөлшерімен теңестіру қажет. Біздің елде зейнеткердің ең төменгі зейнетақысы дәрі-дәрмек пен дұрыс демалуды айтпағанда, тамағына әрең жетеді.
«Ұлттық қордан – балаларға» заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Мемлекет басшысына жолдады. Елімізде 7 млн-ға жуық кәмелетке толмаған бала бар. Әр баланың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табыстың 50 пайызы беріледі. Бала 18-ге толғанша 3000 мың доллар қаржы жинақталады. Бұл ақшаны үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсайды. Егер бала кәмелетке толғанға дейін қаза тапса қаражат ата-анасында немесе басқа балаларына бөлінеді