$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәжіліс депутаты Туризм және спорт министрлігінің жұмысын сынға алды

18.10.2023ж. 20:00
657
Мәжіліс депутаты Туризм және спорт министрлігінің жұмысын сынға алды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жанарбек Әшімжанов Туризм және спорт министрлігінің жұмысын сынға алды. Келер жылы бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Астана қаласында өтеді. Бұл – әлемдік этноспортты, ұлттық ойындарды жаңғыртуға арналған аса маңызды аламан. Алайда дүниежүзілік доданы ұйымдастыру жұмыстарының лебі сезілмейді деді ол. Айтуынша, ұйымдастыру жұмысының нашарлығы шетелден келетін спортшылар мен туристерді қабылдауға дайын емес екенімізді көрсетеді. Трансляция тақырыбы да жүйесіз дейді.

Жанарбек ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жауапьы мемлекеттік орган тиісті процедураларды өз деңгейінде ұйымдастыра алмауда. Салғырттық салдарынан қалалық әкімшілікке инфрақұрылымды реттеуге бір тиын қаржы бөлінбеген. Қылышын сүйретіп қыс та келеді. Ақтүтек боран, саршұнақ аязбен алысып тағы алты ай өтеді. Негізгі шаралар өтетін «Қазанат» ипподромында 10 мың адамға қызмет ететін нысан құрылысы жүріп жатуы керек еді. Өзге де спорттық нысандардың күрделі жөндеу жұмыстары, реконструкция, басқа да жұмыстары тоқтап тұр..