$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Құтқарушылар жыл сайын 50 мыңнан аса оқиғаға барады

18.10.2023ж. 20:00
875
Құтқарушылар жыл сайын 50 мыңнан аса оқиғаға барады

Елімізде төтенше жағдайлар саласының 69 маманы қызмет бабында көз жұмған. Бұл- Қазақстан өз алдынан ел болғаннан бергі көрсеткіш. Құтқарушылар жыл сайын 50 мыңнан аса оқиғаға барып, зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді. Мереке қарсаңында сала мамандары мен ардагерлері Елордадағы Құтқарушылар саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қаза болған әріптестерін 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Сырым ШӘРІПХАНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Біздің салаға талаптар өте көп. Біз халыққа, зардап шеккен халыққа уақытында дерек көмек көрсетуіміз керек. Біз төтенше жағдайлардың алдын алуымыз керек. Біздің жұмыстарымыз жан жақты.