«AMANAT» партиясының мүшелері төтеншеліктерді төл мерекесімен құттықтады. Алматыдағы №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде кездесу ұйымдастырылды. Адам өміріне араша түсіп, тілсіз жаумен күресте жүрген қызметкерлерді алғыс хаттармен табыстады. Бүгінгі күннің батырларына ерен еңбегі үшін ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ жиынға бұл қызметтің қыр-сырымен танысу үшін мектеп оқушылары қатысты. Алатау ауданындағы №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында салынған.
Гүлжан БЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бұл мекеме екі жыл бойы салынды. Екі жыл ішінде бұл партиялық бақылауда болды, өрт-тілсіз жау. Өрт айтып келмейді, күн-түн демейді. Аяқ астынан болған кезде ең бірінші халыққа, тұрғындарға көмекке келетін осы өрт сөндіруші қызметкрелер.
Ғалымхан МҰХАМЕДЖАН, АЛАТАУ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Өрт сөндіру қызметінде өздерін үздік көрсеткен қызметкерлерді марапаттап, алғыстарын білдіріп, көңілін бөліп келіп жатқандарына үлкен рақмет. Алдағы уақытта осындай жұмыстар тағы жүргіземіз деген ойдамыз.