Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Төреғали Төреәлінің қарындасы күйеуіне тосынсый жасады

AstanaTV
19.10.2023ж. 12:17
738
Төреғали Төреәлінің қарындасы күйеуіне тосынсый жасады

Төреғали Төреәлінің қарындасы күйеуі Дарханға күтпеген жерден тосынсый жасады. Фариза Төреәлі күйеуі тапсырыс берген көлікті уақытынан ерте алғызған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жолдасым өзіне бір ай бұрын көлік тапсырыс берген. Әлі бірнеше ай күту керек деп ойлап жүр еді. Ертерек келетінін білмеді. Ал біз қайын ағаммен ойласып, тосынсый жасайық деп келістік. Жақындарымды таңғы асқа шақырып, тосынсый ұйымдастырып жібердік. Шыны керек, әрдайым оқырмандарды, жақындарымызды қуантуды бірінші орынға қойып, түрлі сыйлық жасаудан екеуіміз рақат алып, соған үйреніп қалған екенбіз. Дархан қалауындағы көлікке отырып жатса да, екеуміз әлі сенгісіз, үйреншіксіз сезімде жүрміз. Құтты болсын, жаным. Тек жақсылыққа мініңіз, қуанышты күніміз көп болсын", - деп жазды Фариза Төреәлі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Cadillac Escalade 2023 көлігінің нарықтағы бағасы 65 млн теңгеден басталып, 95 млн теңгеге дейін жетеді.