Мемлекет басшысы бүгін Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады. Президент құттықтау лебізін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
"Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін".