Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"АМАNАТ" партиясы "Жастар рухы" жастар қанатының ұйымдастыруымен "Сарбаз болғым келеді" атты акция өтті

19.10.2023ж. 20:00
950
"АМАNАТ" партиясы "Жастар рухы" жастар қанатының ұйымдастыруымен  "Сарбаз болғым келеді" атты акция өтті

Павлодарда құтқарушылар күніне орай «Сарбаз болғым келеді» атты акция өтті. Ерекше шараны «АМАNАТ» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырды. Науқан аясында жоғары сынып оқушылары өрт сөндірушілердің бір күндік өмірімен танысты. 4 өрт сөндіру бекетінің мамандары балаларға өз жұмыстары туралы тренинг өткізіп, төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін айтты. Өрттен зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету жағын түсіндірді. Ал балалар өрт сөндірушілердің киімін киіп, көліктеріне отырып, бір сәт өздерін құтқарушы сезінді.

Ясмин АРМИЯН, ОҚУШЫ:
Бүгінгі экскурцияда біз өрт сөндірушілердің өмірін көрдік. Олардың жұмыстары өте қиын және қауіпті. Өрт сөндірушілерге батылдық пен зор денсаулық тілеймін.

Бәкіжан КӘКІМ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жалпы оқушыларға қатты ұнады. Олар өздерін қоғамның бір бөлшегі екенін ертең күні осы құтқарушылардың ізін өзі жалғайтынын жақсы түсінді деп ойлаймын.
Өскемен қаласының оқушылары да өздерін құтқарушы ретінде сынап көрді. Өңірде биыл үш мыңнан астам оқиға тіркеліп, жүздеген адам эвакуацияланған. Екі жүзге жуық адам өлімнен аман қалды. Әр жанның артында Шығыс Қазақстан облысы бөлімшелерінің үйлесімді және ұжымдық жұмысы жатыр. Құтқарушылардың арқасында тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінеді.

Руслан ИСРАИЛОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, №17 МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:

Балалар үлкен қызығушылық танытты. Бұл акцияның тәрбиелік мәні зор деп ойлаймын. Көптеген студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, қызығушылық танытып үлгерді. Олар болашақта өз тағдырларын құтқару қызметімен байланыстырғысы келеді. Мұндай акцияларды ұйымдастырған «Жастар рухы» жастар қанатына үлкен алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да шаралар жалғасын табады деп ойлаймын.