Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Талдықорған қаласы 2025 жылға дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады

19.10.2023ж. 20:00
608
Талдықорған қаласы 2025 жылға дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады

Талдықорған қаласы көгілдір отынмен 60 пайыз қамтылған. 2025 жылдың соңына шаһар тұрғындары толықтай табиғи газға қосылады. Мұндай қуанышқа "Жастар 2" ықшам ауданының тұрғындары кенелді.

Жастар-2 шағын ауданында 536 үй бар. 2 мыңнан астам халық тұрады. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды. 22 шақырым газ құбыры тартылды. Жобаға барлығы 295 млн теңге жұмсалды.

Бақыт ЖАҢАБАЕВА, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сезімімізді айта алмаймыз қуанышымыз өте жоғары деңгейде. Ауыл тұрғындары болып алғысымыз шексіз облыс әкіміне, қала әкімдігіне. Жұмыстан келген кезде әсіресе үйіміз суық болып тұратын, енді көгілдір отынымыз күні-түні жанып тұрады, жұмыстан келгенде үйіміз жылы болып тұрады.

Қыста көмір жағып әлек болған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Бар қиындық артта қалып, қаржыларын үнемдейді.

Мұхит ЖАНБАЕВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Былтыр қыста 6-7 тонна жақтық көмір отынын, тасып. Ол енді қалтамызға кәдімгідей шығын келтіреді. Мынау енді көгілдір отынымыз келіп, газ жақсы болды, қуаныштымыз біз. Биыл қыста қиналмайтын шығармыз.

Келесі жылдан бастап қалада 12 саяжай алабы мен қосылмай қалған бірнеше жекеменшік тұрғын учаскелерінде газ тарту жұмыстарын жүргізілмек.

Ернат БӘЗІЛ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Енді бізде Талдықорғанға бүгінгі таңға 60% мына көгілдір отынға немесе мына газға қолжетімді болып отыр. Қалған 40% біз өткендегі Президенттің тапсырмасы бойынша 25 жылдың аяғына дейін 100%-ке жеткізуге жоспарлап отырмыз. Міне бүгін өздеріңіз көріп отырғандай “Жастар 2”-ге газ берілді. 526 абонент отыр осында және жылдың аяғына дейін Ынтымақ деген үлкен алабымыз бар, сол Ынтымаққа газ береміз.

Келесі жылға Талдықорған қаласы газдандыруға 1 млрд теңге қарастырылған. Ал "Жастар 2" ықшам ауданына жолға асфальт төселіп, мектеп салу жоспарланып отыр.