$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәслихаттар төрағалары жергілікті мемлекеттік басқарудың рөлін арттыру жөнінде ой бөлісті

19.10.2023ж. 20:00
896
Мәслихаттар төрағалары жергілікті мемлекеттік басқарудың рөлін арттыру жөнінде ой бөлісті

«Мәслихат депутаты қандай болуы керек?». Бүгін осындай атаумен жарық көрген кітаптың тұсауы кесілді. Салалық баспаны Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев пен политехнолог Абылайхан Қалназаров жазған. Авторлар туынды жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін шешудің жаңа әдістемесіне айналады дейді. Сондай-ақ, жас депутаттардың өз сайлаушыларымен етене жақын болуына бағыт бермек. Салтанатты шарадан соң мәслихаттар төрағалары Президент Жолдауындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың рөлін арттыру жөнінде ой бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.

Төлеубек МҰҚАШЕВ, ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мәслихат білімді, білікті, күшті, іскер болуы үшін оның депутаты сондай болу керек.Сол салада мынау біз тереңнен талқылаймыз. Депуттарды қалай білім беру, қалай үйрету, қалай тәжірибе алмасу, өзіміздің ғана емес, өңірлердің бір-біріменен, шет елдің де тәжірибесін, озықты тәжірибелерді бәрін талқылап, осындай бір бағдарлама қойып жатырмыз алдымызға.