Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін қолдайды

AstanaTV
04.04.2016ж. 20:00
1829
Қазақстан Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін қолдайды

Қазақстан Таулы Қарабақ аймағындағы қарулы қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін қолдайды. Сыртқы істер министрлігі бұған қатысты ресми мәлімдеме таратты. Ведомствоның сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында айтылғандай, Қазақстан халықаралық келісім құжаттарына сүйене отырып, тараптарды оқ атуды тоқтатуға шақырады.

«Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырамыз. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Таулы Карабақ мәселесін реттеу бойынша Минск тобының күш-жігерін қолдай отырып, жанжалды тек бейбіт жолмен шешу қажеттігі жөнінде ұстанымымызды қайта растаймыз».

Еске салайық, Таулы Қарабақ аймағындағы қарулы қақтығыс араға 22 жыл салып, сәуірдің екісіне қараған түні қайта жанданды. Әзірбайжан мен Армения бір-бірін оқ атты деп айыптап, әрекеттерін осыған жауап ретіндегі қадам деп түсіндіруде. Кеше Әзірбайжан жағы біржақты оқ атуды тоқтаттық деген мәлімдеме жасады. Алайда Армения оған сенбейді және қақтығыстың әлі де жалғасып жатқанын айтады. Әзірбайжан қорғаныс ведомствосының ресми ақпаратына сәйкес, атыста 12 әзірбайжан жауынгері ажал құшты. Ал Армения қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Фэйсбук әлеуметтік желісінде қаза тапқан 18 жауынгер мен жарақаттанған 35 әскери бар екенін жазды. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ