$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Полиция "Түркістан облысында 15 балаға азғындық жасалды" деген ақпаратты жоққа шығарды

AstanaTV
20.10.2023ж. 13:19
1204
Полиция "Түркістан облысында 15 балаға азғындық жасалды" деген ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желіде "Түрксітан облысында балабақша жұмысшысы он бес баланы зорлаған" деген ақпарат тарады. Алайда облыстық полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбековтің мәліметінше, Түркістан облысы полиция департаментіне 2023 жылы 19 қазанның дәл осы уақытына дейін 3 азамат арызданған.

"Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз, 15 жәбірленуші деген жоқ",- Асылжан Қалдарбеков

Ол басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шаралары жалғасатынын атап өтті.

Бұған қоса Түркістан облысының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабымен жауапкершілікке тарту қарастырылғанын ескертті.

"Сіздерден тек ресми дереккөздерге сену мен сүйенуді сұраймын", – дейді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары.