ҚР парламенті мәжілісіндегі үкімет сағатында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың банкрот рәсіміндегі кейбір кедергілерді жоюды ұсынды.
Биылғы 3 наурыздан бері 68 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде 55 мың өтініш банкрот рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмейтіні анықталды. Министр адамдардың банкрот рәсімінен бас тартуының негізгі себептерін атады:
мүліктің болуы;
қарыз сомасы мен төлемеу мерзімі бойынша борышкер арасындағы сәйкессіздік;
кредитормен қарызды реттеудің болмауы.
"Нәтижесінде бүгінде 8 млрд теңгеден астам берешегі бойынша 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды, 1200-ден астам азамат сот органдарына банкроттық және төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін жүгінді, 35-тен астам азамат банкрот деп танылды", - Ерұлан Жамаубаев
Алайда оның айтуынша, кейбір кедергілерге байланысты жеке борышкерлер банкрот туралы өтініш бере алмайды.
Ерұлан Жамаубаевтың ұсынысы:
"Қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер топтамасы:
• халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге және борыштық жүктеменің өсуін шектеуге;
• алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғауға;
• банк омбудсманының қызметін күшейтуге бағытталған.