$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында бастауыш сыныпта оқитын үш қызға азғындық жасалған

20.10.2023ж. 20:00
1191
Түркістан облысында бастауыш сыныпта оқитын үш қызға азғындық жасалған

Түркістан облысында 33 жастағы ер адам 15 қызды зорлады деген ақпарат әлеуметтік желіде кешеден бері тарап жатыр. Алайда Полиция мұны жоққа шығарып отыр. Сонда бұл мәліметтің тарауына не себеп? Өңірдегі тілшіміз Айзада Төребекқызын тыңдайық.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Отырар ауданы тұрғындарында үш күннен бері маза жоқ. Бәрінің аузында- осы жағаұстатарлық жағдай. Алақандай ауылда қаршадай қыздардың азғындық әрекеттің құрбаны болғаны жұртты қатты алаңдатып отыр.
Жергілікті дәрігер акушер-гинеколог аналары ертіп келген жеті және тоғыз жасар екі қызды тексергенін жеткізді. Айтуынша, азғындыққа барған -көршісі. Күдікті бұрын отбасылы болған, қазір ата-анасынан бөлек тұрады. Кішкентай қыздарды сонда алдап шақырып жүрген.

Гүлнұр САЙДУБЕКОВА, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ:
Маман ретінде сексуальный контакт дейді, как бы попытка дейміз орысша айтқанда иә, ол -көрініп тұр көзге. Бір қызбенен. 2014 жылғы қыздың айтуы бойынша, сол времянкада осындай көріністен кейін «мамаңа айтсаң таяқ жейсің, папаңа айтсаң үйтем-бүйтем, в общем угроза.
33 жастағы күдікті ауылдағы жекеменшік балабақшада күзетші болып жүмыс істеген. Ол туралы әріптестерінің пікірі оң.

Жұлдыз ҚИНАТОВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:
Өте момын. Қарапайым. Айтқаныңды уақытылы орындайтын, негативный мінездеме бере алмаймын ешқандай да. Ұжым сенбейді әлде де. Сенбейміз. Өйткені айтып отырмыз ғой, көз алдымызда жүрген бала. Осы уақытқа дейін бірге қызмет жасағаннан кейін артық қылығы болса байқалатын еді деп ойлаймын мен.
Полицияға үш отбасыдан арыз түскен. Департамент мәліметінше, ұсталған ауыл тұрғыны өз қылмысын мойындаған.

Асылжан ҚАЛДАРБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан Түркістан облысында орын алған ер адам тарапынан зорлық –зомбылыққа ұшыраған балалардың саны 15 ке жеткені туралы жарияланған бойынша Түркістан облысы Полиция департаменті 2023 жылы 19-қазанда сағат 20:00-ге дейін Полиция бөлімдеріне арызданушылардың саны үш азамат екенін хабарлайды.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қазір жәбірленушілермен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында полиция жедел-іздестіру шараларын жалғастыруда.